Алматыда өрт сөндірушілер арасында әлем чемпионаты өтеді

9 Шілде, 2014 19:32
20 елдің 600-ден астам спортшысы биылғы жылдың қыркүйек айында Алматыда бас қосып, өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша 10-ыншы әлем чемпионатының жүлдесін сарапқа салады.

Ақмола Медиа Орталығының ақпаратынша, Қазақстан 2013 жылдың қазан айында Корей Республикасының Чанджу қаласында өткен 9-ыншы әлемдік біріншіліктің эстафетасына қатысқан еді. Сол кезде Қазақастан әйелдер құрамасын шығарған жалғыз команда болған болатын. Биылғы жылы Алматыдағы біріншілікке әлемнің 5 елінің әйелдер құрамасы қатыспақ.

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты – халықаралық деңгейідегі айтулы оқиға. Тәжірибелік қабілеттерден бөлек мұнда спортшылардың құтқару қабелеттері мен өзге де мүмкіндіктері сарапқа салынады. Бұл өз кезегінде аталмық қызметкерлердің халық арасында кеңінен танылып, құтқару қызметінің маңызын арттырып, кісі өмірінің құн жетпес қазына екенін түсіндірудің таптырмас жолы екенін көрсетеді.

«Әлем біріншілігіне дайындық аясында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ұлттық біріншілік ұйымдастырылып, мектеп оқышулары арасында турнирлер өткізіледі, журналистер оқыту полигондарында болып, бөлімшелерде әскери кезекшілік орнайды», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар