- Басты
- Жаңалықтар
- Ресей Н.Назарбаевты қазақстандық мемлекеттіліктің авторы ретінде қарастырады – сарапшы
Ресей Н.Назарбаевты қазақстандық мемлекеттіліктің авторы ретінде қарастырады – сарапшы
Елордада кеше «Қазақстан - 2050 Стратегиясы»: ішкі және сыртқы саясаттағы перспективалық мақсаттар» деген тақырыпта Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған еліміздің жаңа саяси бағытының негізгі мақсаттарына бағытталған халықаралық конференция болып өтті.
Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен өткен форумға Болгариядан, Германиядан, Түркиядан, Ресейден және басқа да елдерден танымал ғалымдар, сарапшылар, саясаткерлер мен парламент өкілдері қатысты.
Тоқтала кететін жайт, Елбасының «Қазақстан - 2050 Стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» еліміздегі ең маңызды тарихи оқиғаға айналғаны анық. Тарихи құжат Қазақстаннан тысқары, әлемдік қауымдастықтың беделді сарапшылары арасында кеңінен талқылануда. Ал онда «Жақсы білім, лайықты еңбек, зор болашақ» секілді ілгері міндеттер қамтылғандықтан, нақты міндеттер арқылы қазақстандықтардың бұл арманы 2050 жылға дейін іске асатын болады. Бұл межеде Мемлекет басшысы жүктеген міндетке сәйкес, Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіруге тиіс. Ал сарапшылардың пікірінше, шын мәнінде, бұл Құжат Қазақстан тарихының жаңа дәуіріне жол ашты. Құжаттың өмірге келуі де кездейсоқтық емес. Тек қалыптасқан мемлекет қана, ұзақмерзімді дамумен, экономикалық өсіммен, жоспарлау саясатымен айналысады.
«Нұрсұлтан Назарбаевты Ресейліктер Қазақстан мемлекеттілігін құрған адам деп біледі. Мәселен, Қазақстанның тәуелсіздік алған 21 жыл ішінде 14 мың шақырымды қамтитын мемлекеттік шекарасын нақтылап алғанының өзі қаншалықты. Бұл әрбір метрдің болуға тиіс талаппен сәйкес келгендігі, себебі, шекараның ешқандай жері дау-жанжал тудырған жоқ. Бұл өте маңызды. Әлемде, өзінің көршілері арасында дау-жанжал жоқтығымен мақтанатын елдер аз. Бұл теңдессіз жетістік. Нұрсұлтан Назарбаев - өзінің стратегиялық ойлау қабілетімен, саяси-экономикалық батыл қадамдарымен Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына енгізген, енді алғашқы 30-дың қатарына кіргізуді мақсат еткен әлемдік деңгейдегі, ірі саясаткер. Меніңше, бұл мақсат та ойдағыдай табысты орындалады», - деген ойын ортаға салды Ресейден келген саяси сарапшы, Мәскеу Мемлекеттік лингвистикалық университетінің кафедра меңгерушісі Алан Касаев.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет