Қарағанды облысында мергендердің халықаралық жарысы өтеді

9 Шілде, 2014 11:06
Қарағанды облысы «Спасск» оқыту орталығында 14-18 шілде аралығында арнайы бағыттағы «Алтын Үкі-2014» бөлімшелерінің мергендер жұбының халықаралық жарысы өтеді.

ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынн ұйымдастырылатын жыл сайынғы шараға Ұлыбритания, Үндістан, Иордания, Қазақстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, АҚШ пен Түркия мергендері бақ сынасады.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жарыс 4 кезең бойынша өткізілді. Онда «Кедергілер жолағы», «Қозғалыс кезіндегі ату», «Маятник», «Блок пост», «Мергендер жұбының дуэлі» және өзге де жаттығулар жасалады. 

Барлық жаңалықтар