- Басты
- Жаңалықтар
- «Азия жаңғырығы-2014» цирк фестивалінің бас жүлдесін Қазақстанның әуе дуэті жеңіп алды (ФОТО)
«Азия жаңғырығы-2014» цирк фестивалінің бас жүлдесін Қазақстанның әуе дуэті жеңіп алды (ФОТО)
«Мен осы уақытқа дейін бірнеше байқауларға қатысып, бірнеше рет жеңімпаз атандым. Ал Марина үшін бұл алғашқы жеңіс, бұл жеңіс енді оны одан сайын шабыттандыра түспек. Бұл номердің ешқай жерде қойылмай, осында арнайы дайындалуының өзі біздің көзіріміз болса керек. Бұл жерде цирк өнері мен драматургия өзара үндесіп көрерменге ерекше әсер сыйлайды. Мен осынау жанрды өмір бойы өзіме серік етіп келемін. Ал Марина 5 жылдай айналысып келеді», - дейді жеңімпаз Дәулет Досбатыров.
Өз кезегінде фестиваль қазыларының айтуынша, ең таңдаулылардың арасынан үздіктерді таңдап алу деген өте қиын. Барлық өнерпаздың өзіндік ерекшеліктері бар.
«Біз шара жеңімпазсын анықтау барысында ұзақ ақылдастық. Өйткені біз 4 талап бойынша бағаладық. Атап айтар болсақ олар режиссура, трюктерді орындау техникасы мен оның қиындығы, музыкалық әрлеу мен әртістік шеберлік», - дейді қазы мүшесі Таисия Корнилова.
Естеріңізге сала кетейік, Елорда күнін тойлау аясында 8 елдің цирк өнері әртістері жыл сайынғы «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалінде өз өнерларын ортаға салды. Қала тұрғындары мен қонақтары 8 күн бойы өнерпаздардың өнерлеріне таңдай қағысты.
Индира Қауметова
Фото Азамат Алиевтікі
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі