Мәскеуде Қазақстанның монополияға қарсы заңнамасы талқыланды

8 Шілде, 2014 17:43
Мәскеуде Федералды монополияға қарсы қызмет (ФАС РФ) қолдауымен «ТМД елдерінің бәсекелестігінің дамуына қолдау көрсету» коммерциялық мес әріптестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын қабылдаудың тәжірибелік мәселелері» конференциясы өтті.

Конференцияға реттеушілер мен заңгерлік компания өкілдері – ТМД-дағы бәсекенің артуына қолдау көрсетету бойынша коммерциялық емес әріпетстік мүшелері қатысты.

ҚР Бәсекелістікті қорғау агенттігінің мәліметінше, ФАС РФ жетекшісінің орынбасары А.Голомолзин конференцияны аша отырып Қазақстан мен өзге де елдердің Еуразиялық экономикалық одақ  туралы Келісіміне сай монополияға қарсы заңнаманы дұрыс пайдалану тәжірибесі мен нормасын ретке келтіретінін айтты. Сонымен қатар ол Ресей мен Қазақстанның монополияға қарсы органдарының өзара байланысы, соның ішінде бірлесе атқарған әлеуметтік маңызды нарықтар мен инфрақұрылымдық нарықтардың: жолаушы әуе тасымалы, халықаралық телефон байланысы, көтерме сауда, мұнай мен мұнай өнімдерінің зерттеулері мен сараптамалары нәтижесі туралы айтты.

Шарада бәсекеге қарсы келісім мен нарық субъектілерінің келісілген іс-әрекеті, экономикалық концентрацияны бақылауға қатысты мәселелер мен Еуразиялықө экономикалық одақ елдерінің монополияға қарсы ұлттық ведомстваларын реттеу ерекшеліктеріне тоқталды.  

Конференция соңында қатысушылар шараның тәжірибелік бағыттарына тоқталды. Оны өткізу ресейлік бизнес үшін Қазақстан экономикасының инвестициялық қызығушылығын арттыру ына бағытталады. Осыған орай 2014 және 2015 жылдары БЭК мүше мемлекеттердің монополияға қарсы заңнамасын қабылдау мәселесін талқылауға арналған конференция өткізу туралы шешім қабылданды. 

Барлық жаңалықтар