Астанада тауарлы балық шаруашылығын қолдау тетіктері қаралды

8 Шілде, 2014 18:16
Астанадағы «Жасыл академия» ғылыми-танымдық орталығы ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен бірлесе отырып ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитетінің ведомстваға қарайтын кәсіпкерліктері мен облысаралық бассейндік инспекция қызметкерлері мен жетекшілеріне арналған «Биоалуандықты сақтау мен аквашаруашылықты дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

ҚР ҚОСРМ хабарлауынша, семинар аясында қатысушылар 2030 жылға дейінгі биологиялық ресурстарды тұрақты пайдалану мен сақтау тұжырымдамасы жобасын талқылап, балық шаруашылығын тиімді бағалау индикаторлары мен аквашаруашылық саласындағы заманауи технологиялар және Қазақстандағы аквашаруашылық пен тауарлы балық шаруашылығын қолдау тетіктерін қарастырды.

Тыңдаушылар сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша Еуропа даму және қайта құру банкінің бағдарламасымен танысты. Атап айтар бослақ ЕДҚҚБ шағын кәсіпкерлікті қолдау топтарының гранты маманы Т.Святкина банк тарапынан бөлінетін гранттарды алу, соның ішінде балық-өндірістік кешені кәсіпкерліктерін беру тетіктері туралы айтты.

Семинар Балық шаруашылығы комитеті тарапынан ұйымдастырылған дөңгелек үстелмен аяқталды. Онда Қазақстандағы тауарлы балық және аквашаруашылықтыың болашағы мен әлеуеті талқыланды.

 

Барлық жаңалықтар