Ақтөбе облысында браконьерлермен белсенді күрес жүргізілуде

8 Шілде, 2014 19:23
Ақтөбе облысында браконьерлерге қарсы белсенді күрес шаралары қолға алынуда, деп хабарлайды ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі.

Ведомстваның хабарлауынша, 4 шілде күні Ақтөбе облысында облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аймақтық инспекция инспекторлары Ақтөбе облысында киіктерді қорғау бойынша рейдтік шараларды жүргізу барысында УАЗ көлігіндегі екі жергілікті тұрғынды тоқтатты.

«Жүргізілген тінту жұмыстарының нәтижесінде автокөліктен жаңа ғана сойылған киіктің қос мүйізі мен 12-інші калибрлы қару, 83 оқ-дәрі, пышақ пен дүрбі тапқан», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. 

Барлық жаңалықтар