• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО мен Алтай өңірінің бірлескен жобасы аясында қос елдің шекара аймағы зерттеледі

ШҚО мен Алтай өңірінің бірлескен жобасы аясында қос елдің шекара аймағы зерттеледі

8 Шілде, 2014 15:48
Маусым айында көрші аймақтар өзара шекаралас кеңістікті құру және оның қызметін жүзеге асыру бойынша сәйкесінше меморандумға қол қойды.

ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлағандай, екі жақты келісім аясында бірқатар шаралар жоспарланған. Олардың ішінен шекаралас аймақтардың әлеуметтік-демографиялық куәлігін, БАҚ мониторинг жүргізу, аймақтық және аймақаралық аса күрделі проблемаларды анықтау және шешу сынды біртақатар шалаларды атап өтуге болады.

Жоба шеңберінде ШҚО мен Алтай өңірінің  Ішкі саясат басқармалары, «ШҚО-ның сараптама және болжау институты» ЖШС және Алтай мемлекеттік университеті  өзара ынтымақтастық туралы меморандумға отырды.

«ШҚО-ның сараптама және болжау институты осы салада зерттеу, мониторинг жүргізеді. Тіпті, жылсайын өңірдегі күрделі әлеуметтік мәселелер бойынша арнайы картаны жасақтайды. Біз енді - енді өзіміздің саламыз бойынша университеттермен, ғалымдармен, мекемелермен байланыс орната бастадық», - деді ШҚО-ның сараптама және болжау институтының директоры Олег Чернышов. 

Барлық жаңалықтар