- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО шарттарындағы бизнестің дамуы форумда талқыланды
ЕАЭО шарттарындағы бизнестің дамуы форумда талқыланды
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының мәліметінше, Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрағасы Ғалия Жолдыбаева 2 млн 600 мың қазақстандықпен кәсіпкерлікпен айналысатынын айтқан. Бұл дегеніңіз шамамен еңбекке қабілетті тұрғындардың 31 пайызын құрайды. Әрине, бұл әлі де болса да аз. Сол себепті «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын кеңінен тарату керек.
Сонымен қатар форумда алдағы күндері қолға алынуы тиіс мәселелер көтерілді. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО енетінімізді ескерсек, бұл кәсіпкерлік саласы үшін уақыт күттірмес мәселе болып табылады.
«Шара дер кезінде ұйымдастырылып отыр. Бізге қосымша нарықтардың басым бағыттары қызығушылық тудырады. Мысалға біздің кәсіпкерлік бұрындары темір жол құрылғыларын шығарумен айналысты. Бұл стратегиялық сала. Біздің ойымызша, мемлекеттің қатысуына кемінде 5-7 жыл қажет. Осыдан кейін ғана еркін нарық туралы сөз қозғауға болады. Содан кейін ғана нақты артықшылықтар мен пайда көріне бастайды. Және де осы орайда Ресей мен Беларусь кәсіпкерліктерімен тікелей бәсекелес екенімізді бір сәтке де естен шығармауымыз қажет», - дейді «Format Mach Company» ЖШС директоры Александр Янбулатов.
Солтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта бизнестің дамуына келер болсақ, ҮИИД МБ бірінші бесжылдығын іске асыруда айтарлықтай жетістіктер байқалады. Ендігі жұмыстар екінші бесжылдыққа бағытталған.
«Бүгінге дейін 105-тей жобаны қолға алдық. Егер 5 жыл ішінде Индустрияландыру картасына 37 млрд теңгелік 31 жоба енгізілсе, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 105-ке жетіп, соның 15-і мақұлданып, нақты іске кірісті. Олардың құны жалпы есеппен 200 млрд теңге шамасында. Біз сан жағынан бірінші бесжылдыққа қарағанда 3 есеге көбейттік. Ал сапа жағынан тіпті 6-7 еселік өсім бар», - дейді СҚО әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов.
Өңірлік бизнес-форумы барысында көншілік алдында сөз алған Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрағасы Ғалия Жолдыбаева 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасының барлық құралдары өзгеріске ұшырамайды. Сонымен қатар ҮИИД МБ бойынша субсидиялау мемлекет тарапынан 10 пайыз деңгейінде ұсынылады.
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Транзиттік тасымалдардың дамуы және қабылданып жатқан шаралар -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті