Астана күніне орай Қостанай облысында «Астана» спорт кешені ашылды

8 Шілде, 2014 19:41
Облыс әкімі Н. Садуақасов Қостанай ауданындағы Затобольск ауылында «Астана» спорт кешенін салтанатты түрде ашты.

«Астана» спорт кешенінің құрылысы жергілікті бюджеттің қаражатына жүргізілді. Онда спортпен айналысуға бар жағдай жасалған, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Сонымен, астыңғы қабатта киім ауыстыратын бөлме, үстел тенисі үшін спорт залы, бірінші қабатта – фитнес-зал мен үлкен ойын алаңы, халықаралық талаптарға сай баскетбол, волейбол, мини-футбол, гандбол спорт түрлері бойынша арнайы жаттығу залдары орналасқан.  

Барлық жаңалықтар