- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында бекіре фермасы ашылды
Маңғыстау облысында бекіре фермасы ашылды
«600 млн теңгенің индустриялды-инновациялық жобасы мемлекет қолдауымен іске асырылды. Жаңа өндіріс Маңғыстаудағы балық шаруашылығына серпін беретін бірден бір өндіріс болмақ. Бұл жобаның іске асырылуы, бірніші кезекте, ішкі нарықты балық өнімдерімен қамтамасыз етеді. Бір-екі жылдан кейін кәсіпкерлікті дамыта отырып маңғыстаулық өнімнің шетке сатылуы әбден мүмкін», - дейді облыс әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова.
Фермада асыл тұқымды 60 тонна балық ұсталады. Оны «Орал бекіре» Атырау балық зауытынан әкелген.
«Қазірдің өзінде бізге тапсырыс берушілер бар. Олар дүкендер мен мейрамханалар. Алайда біздің тұрғындарға екі жылдай күте тұруға тура келеді. Өйткені біздің балықтарымыз өсіп-өніп, дүкен сөрелеріне түскенше осындай уақыт өтеді», - дейді «Бекіре-Аралды» фермасының жетекшісі Тұрсынгүл Жақыпова.
Айта кету керек, нысан құрылысы төрт жылға созылды. Арнайы орындарда қазір 3,5 мыңдай бекіре бар.
Тұрсынгүл Жақыпованың айтуынша, маманданған кадрларды дайындау мәселесі айтарлықтай қиындық тудырған. Осы жерде мемлекет үлкен қолдау көрсетті. Екі адам Қарағанды облысы Балқаш ауданына барып оқып келді. Жүріп-тұру мен жатын орын, барлығын мемлекет мойнына алды.
Облыс әкімдігінің айтуынша, жоба мемлекет қолдауымен іске асты. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында тиісті инфрақұрылымдар жасалды. Жарық пен газ қосылды. Жол құрылысы мен негізгі коммуникациялар шығыны 155 млн теңгеге жетті. Оны да мемлекет көтерді. Жаңа кәсіпкерліктің ашылуымен жергілікті 25 азамат екі қолға бір күрек тауып отыр.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі