Бүгінге Байқоңырдан «Союз-2.1б» зымыранын ұшыру көзделген

8 Шілде, 2014 11:25
Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан «Метеор -М» нөмір 2-ші спутнигімен, ресейлік және шетелдік ғарыш аппараттарының алты кластерімен «Союз-2.1б» зымыран тасығышы ұшырылады, деп Ресейдің Федералды ғарыш агенттігі хабарлады.

«Ұшыру 8 шілдеге Мәскеу уақытымен 19.58-ге белгіленген, бас  блоктың бөлінуі Мәскеу уақытымен 20.07-ге жоспарланған», - деп хабарлады Федералдық ғарыш агенттігі.  

«Союз» зымыраны «Фрегат» екпін беру блогымен орбитаға ресейлік нөмірі 2-ші «Метеор» Жерді қашықтан зондтау спутнигін, сондай-ақ, «Рэлек», DX1, TecDemoSat-1, SkySat-2, UCube-1, AISat-2 алты шағын ғарыштық аппаратты шығарады.

««Метеор-М» 2-ші гидрометеорологиялық және мұхиттық қамтамасыз ету ғарыштық кешені болмақ. Ол ауа райына болжам жасау мақсатында жаһандық гидрометеорологиялық ақпараттарды жедел алуға, жер маңындағы ғарыштьық кеңістіктегі радиациялық жағдайға және озон қабатына бақылау жасауға арналған», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Метеор-М» нөмірі 2-ші спутнигін ұшыру 2013 жылға белгіленген болатын, одан кейін осы жылғы 28 маусымға ысырылды, алайда ақыры Лавочкин атындағы НӨБ өндірісінің «Фрегат» екпін беру блогында пайда болған техникалық проблемаларға байланысты 8 шілдеге ауыстырды.

Барлық жаңалықтар