ШҚО-да «Жұмыспен қамту» акциясы өтті

8 Шілде, 2014 11:03
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында жазғы каникул күндері балаларға арналған «Жұмыспен қамту» акциясы ұйымдастырылуда. Оған 46 полиция қызметкері, 24 білім беру, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру мен жергілікті атқарушы органдарыны мен «Нұр Отан» партиясы өкілері қатысты.

Ауданда 16 шілде мен 9 тамыз аралығында «Көшпенді» киіз үй қалашығының жұмысы ұйымдастырылды. Онда әлеуметтік аз қамтылған 246 отбасының 704 баласы дем ала алады. Мектеп жанындағы алаңдардың оқушыларымен сауықтыру-танымдық жұмыстары жүргізіліп, спорттық шараларға, қызығушылығы бойынша түрлі еңбекке, кітапхана сағаттарына, бір күндің табиғатқа шығу мен экскурсиялар ұйымастырылады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.   

Тәртіп сақшыларының ерекше назарында ұсталатын нәрсе жазғы уақыттардағы Аудандық тәртіп сақшылары мен мектептің есебінде тұрған «қиын» жасөспірімдердің тәртібі. Мұндай балалар түрлі сауықтыру шараларына тартылып, спорттық үйірмелерге қатыстырылады. Сонымен қатар саябақты абаттандыру жұмыстарына да араласады. Мұндай балалармен темекі шегудің зияны, алкогольдің кесірлері мен есірткі заттарының қатері туралы алдын алу жұмыстары жүргізіледі

Барлық жаңалықтар