Ақтөбеде әйел-кәсіпкерлеріне арналған семинар өтті

8 Шілде, 2014 09:43
Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі мен Ақтөбе облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен біріге отырып қаланың әйел-кәсіпкерлеріне арналған семинар ұйымдастырды.

Семинарға қаланың әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді  ат салысып жүрген әйел кәсіпкерлері қатысты. Олар өңдеу өнеркәсібі саласындағы, соның ішінде тағам, өңдеу өнеркәсібі, сонымен қатар сауда мен қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлер.          

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, семинарда «Даму» қорының өңдеу саласындағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған бағдарламалары түсіндірілді. Бағдарламаның негізгі шарты 6%-дық жылдықнесие мөлшерлемесін несиелеу болып табылады.

Сонымен қатар, банктік несиелеу шарттарын нақты түсіндіру үшін екінші деңгейлі банк өкілдері шақырылды.

Бүгінде экономиканың барлық саласында жұмыспен қамтылғандардың ішінде әйелдер қауымы 52% құрап отыр, әсіресе білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әрине, бизнес саласында. Осылайша, олар маңызды шешім қабылдауға өз үлестерін қосап жүр.

Барлық жаңалықтар