Астанада халықаралық «Қалалар айқасы» әзіл-сықақ фестивалі өтуде

7 Шілде, 2014 20:13
Астана күні мерекесі аясында Астанада алғаш рет «Қалалар айқасы» әзіл-сықақ фестивалі өтуде. Тек бір күн ғана Астана шексіз шат күлкінің шаңырағына айналды. Қыран-топан күлкіге батыратын жекпе-жек барысында Ресей мен Қазақстанның танымал телевизиялық жобалары көрсетілді.

Фестиваль бағдарламасына әзіл-сықақ бағдарламаларының көшбасында тұрған «Мәссаған» жобасы, «Лица Столицы», «KZландия» скетч шоуы енгізілген. Сонымен бірге «Наша Rusia», «Comedy Club» тележобаларының авторы «Comedy Club» айтулы мүшесі - «Семен Слепаков», КТК ойындары атынан «Нарты из Абхазии» думанды тобы қатысты. 

«Қалалар айқасы»жобасының жүргізушісі: КТК Жоғары лигасының чемпионы Эндрю Нджогу (Мәскеу) және Дәуіт Шайхисламов. 

Жаңа форматтағы баламасы жоқ әзіл-сықақ жекпе-жегі алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Шарада әр жоба астарлы күлкі сыйлайтын өз өнерлерін ортаға салса,  оларды танымал тұлғалардан тұратын қазылар алқасы бағалауда. Қорытынды бойынша «Қалалар айқасы» халықаралық жекпе-жегінің жеңімпазы анықталып, үздіктерге естелік сыйлықтар табысталады. 

 

Барлық жаңалықтар