- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Астана Bike» вело-sharing жүйесі ашылды
Астанада «Астана Bike» вело-sharing жүйесі ашылды
«Велотұрақтар – қазіргі заманның талабы. Бұл халықтың қажеттілігі. Қала өте қарқынды дамып келеді. Астанада қазір шамамен бір миллиондай адам бар. Тұрғындардың орташа жасы 30 жас. Жылына 25 мыңға дейін сәби дүниеге келеді. Бұның барлығы елордада балабақша құрылысынан бастап, мектеп пен осындай тұрақтарға дейін тиісті инфрақұрылымды дамытуды талап етеді. Велосипед қаланың әсемдігіне әсемдік қоса түсетін ерекше көлік құралы», - дейді әкім.
Әкімнің айтуынша, қалада жобаның бірінші кезеңін іске асыру аясында қазірдің өзінде 40 станция (200 велосипед) жұмыс істеп тұр. Станциялар сол жағалаудың орталық алаңында орналасқан.
«Әрине, мұнда ұйымдастырушылық мәселелер де жоқ емес. Ол дегеніңіз веложол салу, қауіпсіздік мәселелері, велосипед айдау мәдениеті. Кез келген өркениетті мемлекетте көлік жүргізушілері жаяу жүргіншілер мен велосипед айдаушыларға өте мұқият мән береді. Сол себепті бұл біздің қаламыздағы нормаға айналу керек. Жұмыстар енді басталып жатыр. Уақыт өте келе 1000 велосипедке 100 велотұрақ саламыз», - дейді қала басшысы.
Осылайша қала логистикасының өткізген алдын ала сараптамасы мен өзге де есептеулер бойынша станцияларды салудың ең оңтайлы кестесі дайындалды. Станциялардың орналасу ара қашықтығы 300-500 метрден аспайтын болады. «Астана Bike» заманауи жүйесі қала сұранысына қарай станциялардағы тұрақ орындары мен мобильді станциялардың орналасуына өзгерістер енгізуне мүмкіндік береді. Әр станция күн энергиясынан қуат алады. Сыртқы коммуникацияны талап етпейді.
Қауіпсіздік мәселесі басты назардан. Сол себепті Ішкі істер департаментімен бірлесіп «Абайлаңыз, велосипед» атты айлық жоспар дайындалды. Соның аясында қала тұрғындарына жол қозғалысы ережелері мен жолдағы велосипедке байланысты ережелер жан-жақты түсіндіріледі.
Айта кету керек, жобаны ұйымдастырушы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болып табылады. Өз кезегінде жобаны Астана әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру агенттігі де қолдап отыр.
Мадина Нұрбекова
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды