Астанада «Асқақтай бер, Астана!» концерті өтеді

6 Шілде, 2014 20:35
Бүгін Елорда күні мерекесіне орай Астанада жыл сайынғы «Асқақтай бер, Астана!» шойы өтеді, биылғы жылғы шараның хэдлайнері американдық R'n'B-әнші, композитор и музыкалық продюсер Akon болмақ.

Концерт «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді. Шет елдік және отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен болатын гала-концерт жыл сайын осы мерекеде Астанада өтетіні белгілі. Оған қатысушылардың қатарында хит-парадтардың көші басындағы отандық және шет елдік атақты әншілер мен The Jigits, Ғалымжан Молданазаров, Қайрат Нұртас, «Пицца» тобы, Полина Гагарина, группа Blue мен Akon бар.

Шараны алғаш болып ашатын The Jigits болмақ.

«Біздің күш-жігеріміз тасып, нағыз мерекелік көңіл-күйдеміз. Аталмыш концертті ашу біз үшін үлкен жетістік. Бұл жерде халықты былай қойғанда жалпы әлемді мойындатқан өнер жұлдыздарының басы қосылып отыр», - дейді The Jigits тобы мүшелері.

Естеріңізге сала кетейік, Астана күніне орайластырылған мерекелік шаралар 7 шілдеге дейін жалғасын таппақ.

Мадина Нұрбекова

Барлық жаңалықтар