Қазақстан Президенті Елорда күнінде елдің атқамінерлерімен кездесті

6 Шілде, 2014 16:39
Бүгін ҚР Президенті елдің атқамінерлерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында билік өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, берік денсаулық пен еңбегіне жеміс тіледі. Сонымен қатар Астана мен жалпы елдің қарқынды дамуындағы ол кісінің еңбегін айтысты.

Қазақстан Президенті құттықтаушыларға алғыс айта келіп, елдің іші мен халықаралық деңгейдегі Тәуелсіздікті нығайтуда еңбек еткен билік өкілдерінің де үлкен еңбегін атады. 

Барлық жаңалықтар