Астана туралы аңыздар мен ертегілер көп - К.Ақтаева (ВИДЕО)

6 Шілде, 2014 14:42
Астананың жастығына қарамастан ол туралы аңыз әңгімелер мен ертегілер көп, деп «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Мұражай директорынының орынбасары Күләйшә Ақтаева ағынан жарылды.

«Қала күні ол жай мейрам емес, ол әр қазақстандық үшін маңызды дата. Жасыратыны жоқ, бүгінде елорданы ауыстыру туралы Елбасының алғаш рет өз ұсынысын білдіргеніне биыл 20 жыл толып отырғанын ешкім біле бермейді. Ол 1994 жылы 6 шілдеде сонау аумалы өтпелі кезеңде Парламентке Қазақстанның астанасын ауыстыру туралы идеясын ұсынған болатын», - деп К. Ақтаева еске салды.

Оның айтуынша, Астананың жастығына қарамастан ол туралы көптеген аңыз әңгімелер мен ертегілер көп. Тіпті, оның бір сыпырасы 20 ғасырмен тікелей байланысты.

«Астананың тарихы Мәскеу, Санкт-Петербург, Париж сынды алпауыт қалалармен пара-пар. Ол қарапайым Ақмола бекінісінен егеменді Қазақстанның Астанасына айнлады. Тарих үшін қасқағым сәтте биік белестерді бағыпдырып, алып асулардан асты. Бұл феномен. Жалпы, Қазақстан әлем қауымдастығының пайымынша соңғы жиырма жылда өзі туралы ойды өзгерте білді. Жеткен жетістіктерін паш етті», - деп ол өз ойын түсіндірді.

К. Ақтаеваның пайымынша, Астана қабілеті жоғары шаһар.

Мадина Нұрбекова

Барлық жаңалықтар