Астана – Орта Азияның астанасы – Беларусь Республикасының елшісі (ВИДЕО)

7 Шілде, 2014 13:23
Астана - Президенттің туындысы. Мемлекет басшысы осынау елорданы салуда айтарлықтай еңбек сіңірді. Әрбір архитектуралық шешім мен өзге де маңызды істерде ол кісінің қосқан үлесі бар. Астана тек Қазақстанның емес, Орта Азияның астанасы, дейді Қазақстандағы Беларусь елшісі Анатолий Ничкасов Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.

«Менің Астанада жұмыс істеуімнің өзі бір ғанибет. Қазақстанның жаңа астанасындағы дипломатиялық корпустың өзі қызметімізде шабыттандыра түседі. 6 шілде Қазақстанның Астанасының туған күні болып саналады. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың арқасында біздің дипломатиялық корпус өте жемісті еңбек етіп, өзімізді барынша жайлы сезінеміз. Астана -  Президенттің туындысы. Мемлекет басшысы осынау елорданы салуда айтарлықтай еңбек сіңірді. Әрбір архитектуралық шешім мен өзге де маңызды істерде ол кісінің қосқан үлесі бар. Астана тек Қазақстанның емес, Орта Азияның астанасы. Қазіргі таңдағы халықаралық аренадағы Қазақстанның артып келе жатқан беделі Астананың да атын әлемге танытып, Орта Азияның орталығына айналдырып отыр. Ол экономикалық та, саяси да, әлеуметтік жағынан да қамтиды», - дейді елші.

Сонымен қатар елші Қазақстан мен Беларусьтің тығыз байланысын айта келіп, бұл ынтымақтастықтың бүгінде жеміс беріп жатқанына тоқталды.

«Біз бірлесе еткен еңбегіміздің жемісін қазірден бастап көріп жатырмыз. Ол дегеніңіз бірлесе құрған кәсіпорындар мен кәсіпкерліктер. Біз ауыл шаруашылығы бағытындағы машина құрылысы мен өнеркәсіп техникаларын шығарып, азық-түлік өнімдерінің бірлескен кәсіпкерліктерін құрудамыз. Сонымен қатар жоғарғы оқу орындары мен ғылыми орталықтарымызда да әлдеқандай тақырыпты біріге зерттеуде жемісті еңбек етудеміз. Бұл қазіргі күні Кедендік Одақ аясында мүлде кеңейе түсті. Сонымен қатар студенттеріміз де еркін алмасып, халықтар достастығы нығая түсуде», - дейді А.Ничкасов.

А.Ничкасовтың айтуынша, қос ел де халықтың жағдайын жасауда ұстанған бағыттарының ұқсастығымен ерекшеленеді.

«Бүгін Елорда күні мерекесі қарсаңында біздің мемлекеттеріміздің халықтың игілігіне бағытталған шараларының ұқсастығын айта кеткім келеді. Әлеуметтік және эконмикалық шешімдерде екі елдің де мүдделері бір арнада тоғысады», - дейді елші.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар