- Басты
- Жаңалықтар
- Астана көз алдымызда өсіп келеді – елорданың құрдасы
Астана көз алдымызда өсіп келеді – елорданың құрдасы
«Мен ес білгелі Астана тұрғынымын. Астана біздің көз алдымызда өсіп келе жатыр. Астананың әрбір жері мен әр ғимараты өзінше, біріне бірі ұқсамайды. Астана бүгінгі таңда Қазақстанның ең сұлу қалаларының біріне айналып, небары он алты жылдың ішінде кісі танымастай дамыды», - дейді Қаршыға.
Сонымен қатар Қаршыға елордадағы ең сүйікті жерлері туралы айтты. Ол қаладағы сүйікті орындарына туған-туыстарымен жиі баратын көрінеді.
«Астана маған керемет ұнайды, мұндағы жастардың да көзіне қуаныш, жүзінен күлкі кетпейді. Бұл мені қатты қуантады. Есілдің сол жағалауындағы қала архитектурасы өз алдына бөлең әңгіме, оның сұлулығын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Соның ішінде маған ең қатты ұнайтыны «Бәйтерек» пен «Хан Шатыр» сауда-сауық орталығы», - дейді Қаршыға.
Елорда күні қарсаңында оқушы барша қазақстандықтар мен астаналықтар Астана күнімен құттықтады.
«Барша қазақстандықтар мен Астана тұрғындарын елордамыздың туған күнімен шын жүректен құттықтаймын. Алдағы уақытта Астанамыздың бұдан да өсе түсуі үшін біз қолымыздан келгеннің бәрін істейтін боламыз», - дейді.
Индира Кауметова
Фото Азамат Алиевтікі
-
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
ДСМ: Елдегі эпидахуал тұрақталып келеді -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер