- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында елорда күніне орай мектеп және емхана ашылды
Қызылорда облысында елорда күніне орай мектеп және емхана ашылды
Шиелі ауданында 1200 орындық мектеп және Сырдария ауданында 250 орындық емхананың салтанатты ашылуы өтті. 2012 жылы құрылысы басталған Шиелі ауданындағы білім ошағы республикалық бюджеттен бөлінген 1 миллиард 616 миллион теңгеге салынды. Салтанатты шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев, басқарма басшылары, аудан ақсақалдары қатысты, деп облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Астана күніне орай ашылған мектеп, кезекті оқу жылында балаларға қуанышты жаңалық болып отыр. Елдің ертеңгі өрендері барлық жағдай жасалған осындай мектепте білім алулары керек. Ұстаздарға да артылар жүк жеңіл емес», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Жаңа заман талабына сай білім ордасында 5 компьютерлік сынып, 3 шеберхана, 1 мәжіліс, спорт залы және асхана бар.
Сондай-ақ, дәл осы күні Сырдария ауданында 250 орынға лайықталған емхана ашылды. Аймақ басшысы дәрігерлерді Астана күнімен құттықтап, жаңа ғимараттың салтанатты лентасын қиды. Денсаулық сақтау саласының ардагері Кенжебек Бәйімбетов жасалып жатқан игі істерге ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар