• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев ҚАК мен ӘҚ туралы кодекске және заңнамаға тиісті түзетулерге қол қойды

Н.Назарбаев ҚАК мен ӘҚ туралы кодекске және заңнамаға тиісті түзетулерге қол қойды

5 Шілде, 2014 14:23
Бүгін ҚР Президенті ҚР Қылмыстық атқару кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы жаңа Қылмыстық және қылмыстық-процессуалды кодекстермен сәйкестендіруге бағытталған және қылмыстық-атқару қызметі саласындағы реттеулерді жетілдіретін Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне қол қойды.

Хабарламада айтылғандай, Н.Назарбаев әкімшілік-деликтті заңнаманы жаңарту мен жаңғыртуға және заңға қайшы әрекеттерден азаматтар мен мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексіне қол қойды.  

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, ол ел заңнамасын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа Кодексімен сәйкестендіруге бағытталған.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

                                                                                                                                               

Барлық жаңалықтар