- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада «Астана айналасындағы мыңжылдық» атты көшпелілер өркениетінің фестивалі өтуде (ФОТО)
Елордада «Астана айналасындағы мыңжылдық» атты көшпелілер өркениетінің фестивалі өтуде (ФОТО)
«Хан Шатыр» сауда-сауық орталығының алаңында астаналықтар мен қала қонақтарына нағыз этноауыл салынып, ондағы сәнді киіз үйлер мен шығыз базарындағы зергерлік сән бұйымдары жұрттың назарына ұсынылуда.
Жабық алаңдағы күмбез екіге бөлінген. «Атты көшпелілер өркениеті» экспозициясында ат әбзелдері мен өзге де сәндік бұйымдар қойылған. Бұл Қазақстан тарихы мен даму өркениетімізден хабар береді.
Экспозициялардың қатарында тарихи жәдігерлер мен өзге де сәндік бұйымдардан бөлек қабырғадағы ою-өрнектер мен суреттер байырғы қазақ қоғамынан сыр шертеді. Көшпелілер қаласында түркі мемлекеттерінің қонақтарына арналған бөлек орын да бар. Онда бірнеше ұлттың мәдниеті көрсетілген. Киіз үйлер де бірнеше түрлі болып келеді. Атап айтар болсақ, жауынгерлер үйі, аңшылар мен зергерлер үйі деп бөлінген. Бұл жерден көшпелі қазақ қоғамын тереңнен тануға мүмкіндік бар.
«Осынау мерекеге отбасымызен арнайы келіп отырмыз. Бірінші кезекте біздің мақсат еткеніміз «Астана айналасындағы мыңжылдық» атты көшпелілер мәдениетінің фестивалі еді. Мұнда отбасымызбен дем алудың өзі бір ғанибет. Ұйымдастырылып жатқан шаралардың әсерлілігі соншалықты, бейне бір тарих қойнауына еніп, сонау көшпелілер заманына сапар шеккендей күйде отырмыз», - дейід елорда қонағы Гүлнар Абдрахманова.
Айта кету керек, биылғы жылы Астананың түркі әлемінің мәдени астанасы атағын алғандығына орай қала күні мерекесінде түркі мәдениетіне ерекше көңіл аударылуда. Аталмыш мерекеге қатысу үшін елордаға арнайы Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Молдова, Башқұртстан, Татарстан, Якутия, Хакасия мен өзге де елдерден қонақтар келді.
Сонымен қатар алаңда қала тұрғындары мен қонақтары «Астана Арқау» атты түркі музыкасы фестивалін тамашалай алады. Онда «Түркі тарихының» театрландырылған қойылымы ұйымдастырылады.
Естеріңізге сал кетейік, «Астана айналасындағы мыңжылдық» фестивалі 2008 жылы Астананың он жылдығын тойлау кезінде алғаш ұйымдастырылған еді. Кейін дәстүрлі түрде өткізілетін шаралардың біріне айналды.
Индира Қауметова
Фото Азамат Алиевтікі
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді