БҚО-да Зағиптарға арналған «Астана мен Елбасы» көрмесі өтті

5 Шілде, 2014 15:32
Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхананың оқу залында Астана күніне орай «Астана мен Елбасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің бірінші бөліміне кітапхана қорындағы Астанаға арналған әдебиеттер қойылып, соның ішінде «Жырлаймын сені, Астана» атты бедерлі-нүктелі қаріп түріндегі өлеңдер жинағы, «Астанам әсем асқақ ән» CD-диск түріндегі әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылды.
Келесі бөлім Елбасы туралы мәліметтер, кітаптар және кітапханада шығарылған бедерлі-нүктелі қаріп түріндегі Н.Назарбаевтың «Мыслями с народом поделюсь», үнтаспа түрінде Елбасының "Өзек жарды ойлар", СD-дискідегі "Казахстанский путь" атты кітаптарымен жасақталды. 
Зағип оқырмандарды Астана қаласының бүгінгі келбетімен таныстыру мақсатында "Тәуелсіз елдің жүрегі сенсің Астана» бөліміне кітапханада шығарылған бедерлі-графикалық кұралдар қойылды. Кітапханадағы арнайы технологиялардың дамуы нәтижесінде біздің оқырмандар иллюстративті құралдарды саусақ ұшымен сезініп, Астананың жаңа ажарын түйсік арқылы тереңнен ұғынып, өз ойларымен бөлісті. 


Барлық жаңалықтар