Астана туралы 10 тарихи дерек: Ұлы Сарыарқа даласы

6 Шілде, 2014 10:33
Ұлы Сарыарқа даласы - Еуразия құрлығының ортасы. Тарихқа көз жүгіртсек көптеген ескі қалалар өзендер мен ірі сауда керуендерінің тоғысқан жерінде пайда болған. Бұл ретте егеменді Қазақстанның болашақ Астанасы да дәл осылай пайда болды. Бүгінде Астана орналасқан көне елдімекеннің атауы Қараөткел. Ол Ұлы Жібек Жолынының сол жақ бөлігінде орналасқан және Орал мен Сібірді Орталық және Орта Азиямен байланыстырып тұратын.

Көне заманнан бері мұнда тайпалардың ордалары бекітіліп, көптеген жазғы кездесулер өтетін. Онда әскери, экономикалық, жер иелену, Ұлы Сарыарқа даласы арқылы қыстаққа көшу мәселелері қаралды.

Есіл өзені бойындағы қолайлы керуен өткелі 1832 жылы Қараөткел мекенінде қазақ ауылдары өкілдерінің кеңесімен Ақ мола әскери бекінісін (Ақмола сыртқы округы) құруға түрткі болды.

Нәтижесінде мекен сауда жәрмеңкесін өткізетін орталыққа айналды. Жәрмеңкеге Қазақстанның барлық аймақтарынан, Ресей, Орта Азия елдерінен адамдар ағылатын болған. Жәрмеңке сүт өнімдерінің (қымыз, шұбат, айран және т.б.) көптігімен әйгілі болды.  

Ташкент пен Орал және Ресей империясының басқада өңірлеріне деген керуендік жолдың қақ ортасында орналасуы Ақмолаға ірі сауда орталығына айналуына сетігін тигізді және онда жергілікті көпестер ұйымы құрыла бастады.

Айта кетерлік жайт, Сарыарқа даласында көне өркениеттің ізі көптеп сақталып қалған. Ол ұлы бабалардың кесенелеріне, мазарларына, руна жазбаларына бай.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар