- Басты
- Жаңалықтар
- Беларусь Республикасының Елшісі қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады (ВИДЕО)
Беларусь Республикасының Елшісі қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады (ВИДЕО)
«Мен Минск пен Астананың, Қазақстан мен Беларусияның арасындағы достықтың жаңа келбетке оранғанын мақтанышпен айта аламын. Біз енді 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО шеңберінде жұмыс істейтін боламыз. Мен үшін өз мемлекетімнің және өзімнің атымнан барлық қазақстандықтарды Астана күнімен, Президенттің туған күнімен құқттықтау үлкен мақтаныш», - деді А. Ничкасов.
Сонымен қатар, Елші Астананың ЕАЭО туралы келісімге қойылған қала ретінде маңызды ролін тілге тиек етті.
«Айта кетерлік жайт, Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттері арасындағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге 29 мамырда Астанада қол қойылды. Қазақстан елордасының үлкен беделі келелі құжатқа дәл осы қалада қол қоюына түрткі болды», - деп Елші ағынан жарылды.
Бұдан басқа, А. Ничкасов 2017 жылы астанада өтетін «ЕХРО-2017» дүниежүзілік көрмесіне тоқталды.
«Елорда туралы әңгімелей отырып 2017 жылы өтетін «ЕХРО-2017» дүниежүзілік көрмесін айтпай кету мүмкін емес. Жалпы, бұл халықаралық ұйымның Қазақстанға деген сенімінің нышаны. Осы ретте біз қазақстандық мамандармен ілкімді істі бірге іске асыруды жоспарлап отырмыз», - деді ол.
Сондай-ақ, ол Беларусь мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың дамуын атап өтті.
«Біздің елдеріміздің арасындағы стратегиялық серіктестік, ортақ достар халықаралық қызметте бірін-бірі мықты толықтырып тұрады. Біз әрқашан бір-бірімізге үлкен халақыралақ форумдарда қолдау көрсетіп келеміз. Осылайша күрмеуі қиын мәселелерді шешуде өзара үндестік табудамыз», - деп А. Ничкасов түйіндеді.
Индира Кауметова
-
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Antikor Live: Иордания елшісі сыбайлас жемқорлықпен күрестегі тәжірибемен бөлісті -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Эксклюзив: Қырғыз республикасының Президенті Садыр Жапаровпен сұхбат -
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады -
Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады -
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды