Астанада алғаш рет «Шуақты қала» отбасылық фестивалі өтуде (ФОТО)

5 Шілде, 2014 11:02
Қала күнін мерекелеу аясында 5-7 шілде күндері «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда «Шуақты қала» қалалық отбасылық фестивалі өтуде.

«Шуақты қала» фестивалінің негізгі міндеті - отбасылық демалысты жандандыру, тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігін қалыптастыру, өз әсеріңмен бөлісу және жақын адамдарға уақыт бөлу. Отбасылық фестиваль ашық аспан аясында өтуде», - деп «Шуақты қала» фестивалінің сценаристі Станислав Цих ағынан жарылды.

«Шуақты қала» - биылғы жылғы Астана күнін мерекелеу аясындағы ең танымал шара атануына барлық мүмкіншілігі бар заманауи әрі қызықты фестиваль.

Фестиваль міндеті - салауатты өмір салтын дәріптеу, тұрғындар арасында фестивальдік мәдени орта қалыптастыру.

Сонымен қатар, мұнда  «Шеберлер қаласы», «Мен Астанада тұрамын!» шаралары өтеді. 

Сценаристің айтуынша шараға 20 мың азамат қатысатын болады.

«Фестивальдің тағы бір ерекшелігі мұнда күндер тақырып бойынша бөлінген. Бүгін балалық шақ күні болса, ертең жастар, ал соңғы үшінші күн – отбасы күні», - деп Станислав Цих толықтырды.  

Камила Амирова

Фото Азамат Алиевтікі

Барлық жаңалықтар