- Басты
- Жаңалықтар
- Бұл қалада мен барлық армандарымды жүзеге асыра аламын - Астана құрдасы
Бұл қалада мен барлық армандарымды жүзеге асыра аламын - Астана құрдасы
«Біз мерейлі мереке Астана қаласының туған күнін атап өтудеміз. Мен, осындай әсем шаһарда тұратынымды мақтан тұтамын. Бұл қалада мен барлық армандарымды жүзеге асыра аламын. Менің ойымша, Астана өзінің қарқынды дамуымен күллі әлемді таңқалдырады. Себебі, кез –келген қала бар-жоғы 16 жылда мұндай жетістікке жете алмайды», - деп Астана құрдасы ағынан жарылды.
Сонымен қатар, Меруерт қаланың дамуы мен ондағы зәулім нысандардың құрылысын өз көзімен көргенін тілге тиек етті.
«Мен 1998 жылы дүниеге келдім, яғни мен елорда құрдасымын. Мен қаланың дамуын, ондағы ғимараттардың құрылысын өз көзіммен көріп келемін және алдағы уақытта солай бола бермек. Менің сүйікті жерім «Ханшатыр» ОСО. Мұнда шетелден келген қонақтар көптеп келеді және олар ғимараттың архитектуралық ерекшелігіне таңданбай кетпейді», - деді Меруерт.
Меруерттің айтуынша, ол болашақта әнші болғысы келеді. Елорданың жас құрдасы қазақстандық эстраданы өзінің вокалдық қабілетімен бағындырмақшы.
«Болашақта әнші болғым келеді. Осылайша халықты өзімнің дауысымен және әнімен қуантатын боламын. Астана күні қарсаңында біздің елеміз бейбітшілік пен достықта өмір сүре берсін деген жүрек жарды тілегімді білдіргім келеді», - деп ол түйіндеді.
Индира Кауметова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері