- Басты
- Жаңалықтар
- Терминологиялық сөздік: Шежіре
Терминологиялық сөздік: Шежіре
Шежіре – (арабтың шаджара сөзінен шыққан – тікелей аудармасы ағаштың бұтағы, тармақ дегенді білдіреді) қазақтың шыққан тегінің таралуын, яғни генеологиясын негізге алатын ежелгі этномәдени дәстүр.
Шежіре маңызды мәдени-тарихи феномен ретінде жеке әулеттің немесе бір атадан тарағандар туралы дерек көздері ғана емес, сонымен қатар, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан және халық жадында сақталып келе жатқан белгілі бір рудың тарихи, этномәдени және әлеуметтік-психологиялық аспектілерінен толық мағлұмат беретін кешен.
Қазақ шежіресі туралы ең алғаш зерттеулер Ш.Ш. Уәлихановтың «Қырғыздардың ататегі» атты мақаласында орын алды, мұнда қазақтың дәстүрлі қоғамындағы шежіренің институционалдық қызметі тұтас сипатталды.
Шежіренің ішінде қазақ халқының ата жағынан тегін тарататын қысқартылған дәстүрлі жүйесі «Жеті ата» дәстүрі бар, бұл ата тегі туралы мәліметті әр қазақ баласы жүрегінің төрінде ұстауға тиіс.
Шежіренің қазақ тарихында алар орны ерекше, себебі бұл ата-баба, шыққан тегіне деген құрмет. Қазақ хандығының тұсында шежіре дәстүрі толығымен қалыптасып және де оның құрамына шыңғыстықтардың (төрелер) таралуы туралы мәліметтер де кірді.
EurАзия генографиялық қоғамының мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі таңда шежіре аясында 600 мыңға жуық қазақ атаулары мен шыққан тегі туралы мәліметтер бар.
Айта кетейік, Strategy2050.kz ақпараттық портал базасында ҚР Президентінің «Қазақстан-2050»: Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы бойынша интерактивті терминологиялық анықтамалықты таныстырылған болатын. Терминологиялық сөздіктің толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.
-
«Тәуелсіздік дәуірі» жобасы - егемен ел шежіресі -
Астанада «Мәскеу мен Қазақстан. 20 –ғасырдың фотошежіресі» көрмесі өтті -
Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Тарих толқынындағы театр шежіресі» атты көрме ашылды (ФОТО) -
Алматыда 30 томдық екі тілді терминологиялық сөздіктер топтамасының тұсаукесері өтті -
ИНФОГРАФИКА: Қазақ хандығының шежіресі -
Елордада «Тәуелсіздік шежіресі» тарихи-деректі еңбектің 10 томының тұсаукесері өтті -
2020 жылы қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі 100%-ға жетеді – С.Сәлемов -
Терминологиялық сөздік: Өңірлердің әлеуметтік теңгерімсіздігі -
Терминологиялық сөздік: Прогрессивті идеалдар қоғамы -
Терминологиялық сөздік: Оқушылардың функционалдық сауаттылығы -
Терминологиялық сөздік: Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік -
Терминологиялық сөздік: Су ресурстары саласындағы жаңа корпоративтік саясат -
Терминологиялық сөздік: Құқықтық жүйенің бәсекеге қабілеттілігі -
Терминологиялық сөздік: Инновациялық технологиялар паркі -
Терминологиялық сөздік: Жаһандық инфрақұрылымдық интеграция