Алматыда Eurasian Food Forum Expo 2014 форумы өтуде

4 Шілде, 2014 18:59
Алматыда 3-4 шілдеде Қазақстандағы ең ірі салалық шаралардың бірі Eurasian Food Forum Expo 2014 форумы өтеді.

Форумға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейдің ірі бөлшек сауда өкілдері мен алдыңғы қатарлы өндірушілері, тасымалдаушылар мен жергілікті және шетелдік азық-түлік нарығының азық-түлік өнімдерінің өкілдіктері қатысады.

Шара аталмыш сектордағы жұмыс істейтін компания әріптестерін іздеу мен тәжірибе алмасудағы алаңға айналмақ. Қонақтардың арасында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы Данияр Вагапов, Руспродсоюздың дамыту директоры Дмитрий Востриков, БҰҰ-ның Орта Азия экономикасына арналған арнайы ынтымақтастық бағдарламасының іскерлік кеңесінің төрағасы Райымбек Батталов, сонымен қатар «Даму» Қорының Басқарма мүшесі-атқарушы директоры Ғабит Лесбеков бар, деп хабарлайды «Даму» қоры.

Эконмикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәліметінше, ритейлдің отандық нарығы жеткілікті.  

«Қазақстан қазір шетелдік операторларды енгізу мүмкіндіктерін ашу деңгейінде. Алда экономикалық өсімнің болатыны анық», - дейді сарапшылар. Олардың болжамынша, 2014 жылы Қазақстандағы азық-түлік өнімдерінің сатылып деңгейі 24,5 млрд долларды құраған. 

Барлық жаңалықтар