Қазақстанда республикалық «Бизнес-серпін» байқауы басталды

4 Шілде, 2014 17:19
Алматы облысында ҰКП-ның «Зумрад» корпорациясы және Отбасылық бизнес қауымдастығымен бірлесе ұйымдастырған республикалық «Бизнес-серпін» байқауы басталды.

Өңірлік және отбасылық кәсіпкерлікті гранттық қолдау байқауы биылғы жылдың 2 шілдесінде басталды және 2014 жылдың 26 қарашасына дейін Қазақстанның барлық өңірінде іске асырылады. Алдын ала іріктеу нәтижесі бойынша үздік деген жобалар Алматыдағы апталық іс-тәжірибеге өту құқығына ие болады. Соның қорытындысымен көшбасшылар анықталады, деп хабарлайды palata.kz.

Үш жеңімпаз 5 500 000, 2 700 000 және 1 300 000 теңге көлемінде сыйақы алып, алты ай ішінде компания қызметі мен ресурстық қолдауына қол жеткізбек.

Іс-тәжірибе қорытындысы бойынша В2В компаниясының қатысуымен үздік жобалардың көрмесі өтеді. Кәсіпкерлер керекті кеңестерін алып, сараптамалық қолдауға қол жеткізеді. Сонымен қатар тәжірибелі мамандарға сауал жолдап, бизнес идеясын анықтайды. 

Барлық жаңалықтар