- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев ТМД елдерінің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесті
Н. Назарбаев ТМД елдерінің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесті
«Біздің мемлекеттеріміздің бірлескен тәжірибесі, адами байланыстар, ортақ білім берудің әскери саланы да қамтыған ортақ үрдісі, қару жарақтың бірыңғай түрімен жабдықтау, сондай-ақ сыртқы шекараларды қорғаудың ортақ кеңістігі – осының бәрі тығыз байланыстарды бұдан әрі де сақтау қажеттігін білдіреді», - деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев тұрақсыз геосаяси ахуал мен әлемдік экономиканың аумалы-төкпелі жағдайында Қазақстан көрші елдермен тығыз әскери ынтымақтастыққа мүдделі екеніне назар аударды.
«Бізде ҰҚШҰ аясында одақтастық қарым-қатынастар, өзара қорғау, әуе шабуылына қарсы ортақ сыртқы қорғаныс қалыптасты. Бізге осы қатынастарды және бір-бірімізге деген сенімді сақтау қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті қорғаныс және әскери-техникалық ынтымақтастықты бұдан әрі дамытудың маңыздылығын да айтты.
«Біз қазір өзге мемлекеттермен бірлесіп жүзеге асыру үшін әскери техниканың бірқатар құрамдастарының өндірісін Қазақстанға әкелуді ойластырудамыз. Осыған байланысты біз бірлескен кәсіпорын құруды жан-жақты қолдаймыз. Көрші елдердің экономикалық және ішкі саяси ахуалдары Қазақстанға әсер етеді, сондықтан біз көршілерімізде, одақтастарымызда, соның ішінде Достастық аясында бәрі жақсы болуына шынайы тілектеспіз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Мемлекет басшысы Кеңеске қатысушыларға табысты әрі жемісті жұмыс тіледі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады