ШҚО-да экологиялық акция өтті

4 Шілде, 2014 15:43
Шығыс Қазақстан облысында «Бұлақ көрсең көзін аш» экологиялық акциясы өтті, шараны облыстың жастар орталығы ұйымдастырып отыр.

Күршім ауданында жастар орталығының мамандары «Бұлақ көрсең көзін аш» экологиялық акциясын өткізді, оған 120 адам қатысты.

Экологиялық сенбілік аясында жастар Күршім өзенінің жағасын тазалап, қоқыстарды арнайы орынға жеткізді, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Барлық жаңалықтар