Н. Назарбаев «Марриотт» қонақ үйінде болды

4 Шілде, 2014 15:11
Мемлекет басшысы «Марриотт» қонақ үй-әкімшілік кешенінде болды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 Елбасы Астана қаласының ірі инвестициялық нысандарының бірі саналатын кешеннің жаңа ғимаратын аралап көрді.

«4+» санатындағы қонақ үй құрылысы 2010 жылдың маусымында басталған болатын. Ғимараттың жалпы алаңы 43 мың шаршы метрден асады, ал қонақ үйдің нөмірлер қоры 283 бөлмеден тұрады.

Барлық жаңалықтар