Алматы Астана күнін тойлауға әзірленуде

4 Шілде, 2014 15:02
Алматы қала күнін тойлауды 4 шілдеден бастамақ, деп қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еліміздің астанасы күні Алматыда өте үлкен ауқымда аталып өтетін болады, мерекелік шара 4 шілдеден басталады. Яғни, 2014 жылдың 4 шілдесі күні Қазақстанда алғаш рет түнгі веложарыс өтеді.

15-ші қазақстандық «Нұрсұлтан-2014» альпиниадасы да мерекелік шараның бірі болып табылады, салауатты өмір салтын насихаттайды.

Негізгі мерекелік шаралар Астана алаңында басталады.Бағдарламада Бахыт Шадаева және басқа да өнер жұлдыздары, «Сарын», «Азия», «Ерке», «Джуниорс», «JCS» топтары өнер көрсетеді.

Астана күнін мерекелеу аясында пәтер кезегінде тұрған 100 адам кілт алады, олардың қатарында әлеуметтік сала қызметкерлері, зейнеткерлер, мүгедектер, көпбалалы және толық емес отбасылар бар.

Жалпықалалық мереке аясында барлық демалыс орындарында мәдени шаралар өтеді. Әр аудан өздерінің бағдарламасын ұсынады. Мерекелік шаралар таңғы сағат 11:00-де басталады.Бағдарламада - түрлі ойындар, конкурстар мен викториналар және басқалары.

 

Барлық жаңалықтар