- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда көкөніс өнімдерінің бағасы 28 пайызға төмендеді
Қазақстанда көкөніс өнімдерінің бағасы 28 пайызға төмендеді
Оңтүстік Қазақстан облысы жылыжайларында көкөністің пісуі мен Өзбекстаннан өнімнің көптеп әкелінуіне байланысты қызанақ келесідей арзандап отыр:Шымкентте 28% 250 тг/кг-нан 180 тг/кг-ға, Петропавлда 20% 350 тг/кг-нан 280 тг/кг-ға,Талдықорғанда 19% 270 тг/кг-нан 220 тг/кг-ға ,Қызылордада 17% 240 тг/кг-нан 200 тг/кг-ға, Астанада 16% 331 тг/кг-нан 279 тг/кг-ға, Қарағандыда 11% 368 тг/кг-нан 329 тг/кг-ға, Көкшетауда 10% 277 тг/кг-нан 250 тг/кг-ға дейін төмендеді, деп Қазагромаркетинг АҚ хабарлады.
Нарықтың арзанырақ ашық топырақ жағдайында өсірілген көкөніспен қанығуына байланысты қияр бағасы келесі қалаларда төмендеді:Оралда 44% 195 тг/кг-нан 110 тг/кг-ға дейін, Талдықорғанда 29% 150 тг/кг-нан 107 тг/кг-ға дейін, Астанада 24% 256 тг/кг-нан 194 тг/кг-ға дейін, Шымкентте 20% 100 тг/кг-нан 80 тг/кг-ға дейін, Петропавлда 19% 210 тг/кг-нан 170 тг/кг-ға дейін, Көкшетауда 19% 258 тг/кг-нан 210 тг/кг-ға дейін, Павлодарда 17% 261 тг/кг-нан 216 тг/кг-ға дейін, Қызылордада 17% 120 тг/кг-нан 100 тг/кг-ға дейін, Өскеменде 16% 281 тг/кг-нан 237 тг/кг-ға дейін, Қостанайда 15% 212 тг/кг-нан 180 тг/кг-ға дейін, Ақтөбеде 13% 200 тг/кг-нан 174 тг/кг-ға дейін.
Астанада керісінше оңтүстік облыстардан ерте піскен картоптың әкелініп, саудада қымбаттырақ импортты өнімнің азаюына байланысты картоп бағасы 12% 194 тг/кг-нан 170 тг/кг-ға дейін түсті.
Нарықтың отандық өндірушілердің ашық топырақ жағдайында өсірілген арзанырақ өнімдерімен қанығуына байланысты тәтті бұрыш пен баялдының одан әрі арзандауы байқалуда.
Жемістердің көптеп әкелінуіне байланысты алхоры мен шабдалы арзандауда. Сонымен қатар көптеп пісуіне байланысты өрік бағасы да түсуде.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша