- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Астана мен Алматының отандық техникаларының тұңғыш автошеруі басталды (ФОТО)
Қазақстанда Астана мен Алматының отандық техникаларының тұңғыш автошеруі басталды (ФОТО)
«Бүгінде Мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан жаңа өндіріс ашу жұмыстары қарқынды қолға алынуда. Аталмыш жұмыстардың аясында тауар өндірушілердің өздерінің тараптарынан да қолдаудың болуы маңызды. Қазақстандық өнімді сатып ала отырып әрбір адам мемлекеттің дамуына үлес қосатынын түсінгені жөн. Мен «Транс-тасымал», «Камаз-инжиниринг», «Ораларгоремаш» секілді өзге де компанияларға осы шараны ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіремін», - дейді ҚР ИЖТМ Жергілікті қамтуды қамыту агенттігінің басқарма төрағасы Қайрат Бектұрғанов.
Айта кету керек, акция отандық тауар өндірушілерді қолдауға, компания қызметі туралы халықтың хабардарлығын арттыруға, жергілікті қамтуды дамытуды насихаттауға бағытталған.
Автошеруге отандық өндірушілердің көліктері қатыстырылады. Олардың ұзын саны 20 шақты арнайы техникадан тұрады. Өрт сөндіру көліктері, жүк көліктрі, микроавтобустар мен өзге де арнайы техникалар бар.
«Біз отандық өнімді сатып ала отырып Қазақстанның гүлденуіне айтарлықтай үлес қосамыз. Осылайша жаңа кәсіпкерліктерді ашуға мүмкіндік бере отырып отандық бизнестің көжиегін кеңейте түсеміз. Бұл өз кезегінде мемлекет қазынасының толуын былай қойғанда жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуына мүмкіндік береді», - дейді «Транс-тасымал» ЖШС Бас директоры Вячеслав Андреев.
Енді автошеру қатысушылары Алматы қаласында мәреге жетеді. Сол жерде кейін мерекелік шаралар ұйымдастырылады.
Айта кету керек, аталмыш шара «Ұлттық бренд-2014» форум-көрмесі аясында ұйымдастырылған. Қазақстандық өндірушілердің бұл бастамасын ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жергілікті қамтуды дамыту агенттігі қолдап отыр.
Мадина Нұрбекова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер