Алматыда Астана күніне орай 100 отбасы пәтер кілттерін алды

4 Шілде, 2014 13:27
Бүгін Қазақстан Республикасының Астанасы күні мерекесі қарсаңында Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспкециясы басқармасында пәтер кезегінде тұрғандарға тиісті құжаттар мен кілттер тапсырылды.

Олардың арасында пәтер кезегінде тұрған 20 отбасы, 1, 2 топтағы мүгедектер, көпбалалы және толық емес отбасылар, зейнеткерлер, білім және денсаулық сақтау саласының бюджеттік қызметкерлері бар..2014 жылдың басынан бері қарай 200-ден астам отбасыға пәтер құжаттары рәсімделді, олардың барлығы «Алғабас-6» ықшам ауданында тұратын болады.Жыл аяғына дейін тағы да 300 отбасы мемлекеттік тұрғын үйге ие болмақ, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанк» АҚ-ы, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-ы, «Самрұқ-Казына» Қоры» желісі бойынша салынуда. Бұл бағдарламалар бойынша пәтерлерді кейін жекешелендіруге болады

 

Барлық жаңалықтар