Қала күніне орай Астанада ЭКСПО-2017 желекжолы пайда болады

4 Шілде, 2014 12:06
Қала күнін тойлау аясында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Орталық саябақта ЭКСПО-2017 шығармашылық желекжолы шарасын өткізеді.

Әрбір адам өзін суретші образында сезініп, ең үлкен картинаның салынуына үлесін қоса алады. Ол ЭКСПО-2017 көрмесіне бағытталған, деп ұлттық компанияның ресми сайты хабарлады.

Тұрғындармен бірге картинаға өз үлесін алматылық суретші Серік Бүксіков те қосады.

Қатысушыларға викториналық сұрақтар, билей мастер-класы, қолөнер бойынша үйрету сабақтар өткізіледі. Сондай-ақ, «Астана ЭКСПО-2017» ҰКескерткіш сыйлықтары табысталады.

 

Барлық жаңалықтар