- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық музей құру идеясының тарихы 1998 жылдан басталады – Д.Мыңбай
Ұлттық музей құру идеясының тарихы 1998 жылдан басталады – Д.Мыңбай
«1998 жылы халық бірлігі мен ұлттық тарих жылын өткізу бойынша Мемлекеттік комиссиясының отырысында Президентіміз Ұлттық музей құру қажеттілігін айтқан болатын. Сол уақытта болашақ музейдің негізгі құрылымдарын атап көрсеткен еді. Музейдің құру тарихы осы кезден басталады. Сырттан келетін қонақтарға халқымыздың 2500 жылдың тарихын көрсетуіміз керек қой», - дейді музей директоры.
Сонымен қатар, Д.Мыңбайдың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанның мәдени саласында тиісті жағдайлар жасалуда. Соның ішінде ол «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын ерекше атап өтті.
«Соңғы жылдары қолға алынған мәдени шаралардың осы саланың дамуына ерекше ықпал еткені анық. Соның ішінде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының орны ерекше. Бұл біздің халқымыздың бай тарихын, мәдениетін зерттеуге бағытталған бастама. Аталмыш бағдарлама аясында жүргізілген жұмыстардың бүгінде біртіндеп жемісін көріп жатырмыз. Бұл Қазақстанды әлемге танытудың да бір жолы іспетті. Осы бағдарлама аясында табылған жәдігерлр біздің музейге қойылған», - деді Д.Мыңбай.
Естеріңізге сала кетейік, 2 шілде күні Астанада Қазақстанның Ұлттық музейінің ресми түрде ашылуы өтті.
Индира Кауметова
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі