• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕАЭО мен АСЕАН елдерінің арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың болашағы талқыланды

ЕАЭО мен АСЕАН елдерінің арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың болашағы талқыланды

4 Шілде, 2014 10:04
ЕЭК Алқасының төрағасы Виктор Христенко мен Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің қауымдастығы Бас хатшысы Ле Лыонг Минем кездесуінде Еуразиялық экономикалық одақ пен Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің қауымдастығы елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың болашағы сөз болды.

Тараптар ЕАЭО мен АСЕАН арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдетудегі екіжақты қызығушылық танытты. В.Христенко Еуразиялық экономикалық комиссия қызметінің басты аспектілеріне тоқталып, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істей бастайтынын айтты. Оның пікірінше, Одақтың басты міндеті төртжақты еркіндікті толықтай қамтамасыз ету. Олар – тауар, қызмет, капитал мен жұмыс күші қозғалысына еркіндік беру. Сонымен қатар, ол АСЕАН секілді интеграциялық бірлестіктермен өзара байланысты дамытудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды ЕЭК сайты.

Қауымдастықтың Бас хатшысы өз кезегінде болашақта екі ірі өңірлік бірлестіктің сәтті әріптестік құратынына сенім білдіріп, АСЕАН аясындағы интеграциялық процестер жайлы жан-жақты әңгімеледі.

Кездесу соңында тараптар елдердің арасындағы сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастың болашағын жоғары деңгейде болатынын айтып, алдағы уақытта АСЕАН-мен экономикалық қатынасты дамытуға негіз құратынын айтты. 

Барлық жаңалықтар