- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтауда мұнай-газ өнеркәсібі кластері активінің конгресі өтті
Ақтауда мұнай-газ өнеркәсібі кластері активінің конгресі өтті
Конгрестің ұйымдастырушылары – Маңғыстау облысының әкімдігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Конгресс жұмысына Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, ҚР Мұнай және газ министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев, «Самрұқ-Қазына» қоры» АҚ Мұнай-газ активі дирекциясының басқарушы директоры Мәлік Сәлімгереев, «KAZENERGY» «Мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қазақстандық ассоциациясы» ЗТБ адами капиталын дамыту бойынша атқарушы директоры Тоғжан Қожалиева, ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Екатерина Никитинская, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстандық мұнай және газ институты» АҚ, еліміздің мұнай-газ секторының құрамына кіретін кәсіпорындар өкілдері қатысты.
Бағдарлама аясында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан аумағында мұнай-газ өндіру және қайта өңдеу, мұнай-газ химиясы, машина жасау және мұнай-газ өнеркәсібі үшін қызмет көрсету бойынша Ұлттық Кластердің дамуына мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады. Экономиканы қалыптастырудағы кластерлік тәсіл аумақтар дамуының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең тиімді тәсіл болып табылады.
Ұлттық кластер кеңесіне ҚР Мұнай және газ министрлігі, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Самрұқ-Қазына»Қоры» АҚ кіреді.
Айта кетейік, 2014 жылдың 19 мамыры күні Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы мақұлданған болатын.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
ИИДМ: Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, теміржол көлігінің дамуы және тұрғын үй саласы -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Елордада «Абай» альбомының тұсаукесері өтті -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті