• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатта Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне дайындық талқыланды

Сенатта Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне дайындық талқыланды

4 Шілде, 2014 09:31
Сенатта Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХІІІ отырысына және V Съезге әзірлік жөнінде жұмыс бабындағы отырыс өтті, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен 2014 жылғы 14 қыркүйекте Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХХІІІ отырысына әзірлік жөніндегі жұмыс бабындағы кеңес болды.

Сенат Төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамашысы болып табылатын діни форумның ерекше маңызын атап өтті.

Хатшылық отырысы 2015 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезін өткізудегі маңызды дайындық кезеңі болады. Осыған байланысты Қ.Тоқаев осы маңызды форумның тұжырымдамалық, идеологиялық және саяси мәселелері жөніндегі өз ойларын ортаға салып, тиісті тапсырмалар берді.

 

Барлық жаңалықтар