• Басты
  • 2014 жылдың қыркүйегінде жаңа әуежай құрылысы басталады – А.Мәмин
3 Шілде, 2014 17:10

2014 жылдың қыркүйегінде жаңа әуежай құрылысы басталады – А.Мәмин

2014 жылдың қыркүйегінде жаңа әуежай құрылысы басталады, деп мәлімдеді бүгін «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мәмин Мемлекет басшысына жұмыс қорытындысын баяндай келе.
2014 жылдың қыркүйегінде жаңа әуежай құрылысы басталады – А.Мәмин

«Әуежай құрылысын да сізге баяндағанбыз. Бірінші кезеңді қыркүйкте бастап кетеміз, сосын коммуникация, желі мен ғимараттарды сүру жұмыстарын қолға аламыз. Құрылыс жұмыстары сонымен қатар ескі әуежайдың бір бөлігін де қамтиды», - дейді Асқар Мәмин.

Сонымен қатар, А.Мәминнің айтуынша, ұшу-отырғызу жолағының құрылысы әзірге жоспарда жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Астана нысандарымен танысу барысына Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің құрылыс алаңында да болды.

Кездесу барысында Елбасы Н.Назарбаев құрылыс компаниялары мен мемлекеттiк органдары өкiлдерiнің көрме кешенiн салу қарқыны туралы есептерiн тыңдап, жұмыс барысын талқылауда. «Sembol», «Mabetex», «BI-Group», «Базис-А», «САЭМ», Mega Managment, Astana Innovation, Мәдениет министрлiгi, Көлiк және коммуникация министрлiгi, «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ өкiлдерi Мемлекет басшысын өз жобаларымен таныстырады. 

Мадина Нұрбекова 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды