- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің құрылыс алаңында болды
Н. Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің құрылыс алаңында болды

«Қазіргі таңда құрылыс алаңдарын дайындау, жобалау-сметалық құжаттамаларды дайындау жұмыстары жүргізіліп, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Бүгінге дейін жобалау топтары жобалау сызбаларын өткізді. Шұңқырлардағы 280 мың текше метрлік грунттарды дайындау жұмыстары аяқталды. Жалпы, құрылыс алаңында 300-ден астам техника мен 700 құрылысшылар тартылды», - дейді компанияның басқарма төрағасы Талғат Ермегияев.
Кездесу барысында Елбасы Н.Назарбаев құрылыс компаниялары мен мемлекеттiк органдары өкiлдерiнің көрме кешенiн салу қарқыны туралы есептерiн тыңдап, жұмыс барысын талқылауда. «Sembol», «Mabetex», «BI-Group», «Базис-А», «САЭМ», Mega Managment, Astana Innovation, Мәдениет министрлiгi, Көлiк және коммуникация министрлiгi, «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ өкiлдерi Мемлекет басшысын өз жобаларымен таныстырады.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі көрме және көрмеден тыс алаңдарда өткізіледі.
2014 жылы дайындық жұмыстары мен инженерлiк желiлер аймағын жабдықтау, Ұлттық павильон, Халықаралық павильон, Корпоративтiк павильон, үкiметтiк емес халықаралық ұйымдар мен компаниялардың, тақырыптық павильонның құрылысы басталады. Бұған қоса, тұрғын үй құрылысы, жалпы бiлiм беру мектебi, балабақша, мейманхана, Конгресс-орталық пен баспасөз орталығы, ЭКСПО мен ұйымдастырушылар кеңселерiнiң құрылысы қолға алынған.
Көрме кешенi мен нысандары бойынша жұмыстар толығымен 2016 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған.
Мадина Нұрбекова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады

