• Басты
  • Жаңалықтар
  • ГРЕКО-ға ену жемқорлыққа қарсы тұрудың халықаралық ынтымақтастығын кеңейтеді – Е.Тұяқбаев

ГРЕКО-ға ену жемқорлыққа қарсы тұрудың халықаралық ынтымақтастығын кеңейтеді – Е.Тұяқбаев

3 Шілде, 2014 18:16
ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Құқықтық қатамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Е.Тұяқбаев жемқорлыққа қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастық туралы айтты.

«Қазақстан жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық келісім негізіндегі шетелдік мемлекеттердің құзіретті органдарымен тығыз байланыс құрып, қазіргі таңда Франция, Түркия, Қытай, Италия, Польша, Румыния, Хорватия секілді мемлекеттермен 20-дан астам келісім құрған. Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Пекиндегі IACCA жемқорлыққа қарсы ведомстволар қауымдастығы, Париждегі Эконмоикалық даму және ынтымақтастық ұйымының жемқорлыққа қарсы күрес істерінің Стамбул жоспары, Австриядағы халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес академиясы, ТМД жемқорлыққа қарсы күрес мемлекетаралық кеңесі мен ТМД мүше мемлекеттерінің саықтық (қаржылық) зерттеулерінің үйлестіруші органдары кеңесіне мүшесі болып табылады», - дейді Е.Тұяқбаев.

Оның айтуынша, Агенттік алдағы уақытта да халықаралық аренада белсенді жұмыс істеп, мемлекеттің мүддессін қорғауға ниетті. Сонымен қатар шетелдік мемлекеттердің құзіретті органдарымен қазіргі таңда құрылған халықаралық байланысты кеңейту мен нығайтуға, жемқорлыққа қарсы тұру мен елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында халықаралық ұйымдармен байланысты нығайтуға мүдделі. Халықаралық байланыстардағы басым бағыттардың бірі Қазақстаның Еуропа Кеңесінің жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына (ГРЕКО) енуі.

«Біздің Сыртқы істер министрлігімен Қазақстанның «Жемқорлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту тұрады» мен «Жемқорлығы үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы» Еуропалық Кеңес Конвенциясына енуі өтінішін ілгерілету бойынша жұмыстарының қолға алған жұмыстарының нәтижесінде ГРЕКО-ға ену туралы Еуропа Кеңесінің 2013 жылдың желтоқсанда Қазақстанның шақырылуы болып отыр. Қазақстанның аталмыш ұйымға енуі Еуропа Кеңесі Конвенциясына кіруіне жол ашады, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы тұру бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіруге мүмкіндік береді», - дейді. 

Барлық жаңалықтар