• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық палата оқу орындары мен бизнестің байланысын күшейтеді – М. Мәжитов

Ұлттық палата оқу орындары мен бизнестің байланысын күшейтеді – М. Мәжитов

3 Шілде, 2014 15:07
Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы оқу орындары мен бизнестің байланысын күшейтеді, деп ОКҚ брифингінде Кәсіпкерлер палатасының өкілі Мейірбек Мәжитов мәлімдеді.

«Бизнесті білікті кадрлармен қамту тапшылығын жою үшін қала күніне орай кәсіпкерлер палатасы  арнайы ресурстық-технологиялық орталықты құрылыстық-техникалық колледж базасында ашады.Орталықта жоғары білікті мамандарды дайындайтын болады», - деді М. Мәжитов.

Оның айтуынша, оқу орындары мен бизнес арасында тығыз байланыс орнату көзделген.

Оған қоса, кәсіпкерлер палатасы қала әкімдігімен бірлесіп, «шуақты қала» отбасылық фестивалін ұйымдастыруда, ол «Қазақ елі» монументінің жанында 5-7 шілде аралығында өтеді

«Бүгінгі таңда Астананың бизнесті ашу бойынша әлеуеті жоғары, оның ішінде қоғамдық тамақтану мекемелері, көшпелі мерекелерді ұйымдастыру,», - деді ол.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар