Астана – шындыққа айналған ұлттық арманның шежіресі

3 Шілде, 2014 19:23
Астана – шындыққа айналған ұлттық ұлы арманның шежіресі.

«Қазақ елінің бүгінгі бас қаласы – Астана өз атын  тәуелсіз мемлекетіміздің шежіресіне алтын әріптермен жазып үлгіргені айқын. Мұнда Тәуелсіздігіміздің символдары «Бәйтерек» пен  «Қазақ Елі» монументтері, халықаралық деңгейдегі алқалы іс-шараларды өткізуге арналған Тәуелсіздік Сарайы, Бейбітшілік және Келісім сарайы, «Қазақстан», «Астана-Опера», «Шабыт» сынды бірегей концерттік залдар мен өнер сарайлары, басқа да әлемдік сәулет өнерінің озық үлгілеріне жататын ғажайып ғимараттар мен кешендер бой көтеруде», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Астананың бас сәулеткері, шын мәнінде, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев болып саналады. Оның идеясы мен ұсыныстарының арқасында Астана Батыс пен Шығыс мәдениеті мен дәстүрін тоғыстырған көз тартар бірегей келбетке ие болғандығын атап өтті ол.  

Барлық жаңалықтар