Астана туралы 10 қызықты ақпар: Кенесары хан сарбаздары зиратының табылуы

3 Шілде, 2014 15:05
Астананың «Жастар» шағын ауданы аумағында орналасқан көне қорымнан елордалық жастардың «Жас азамат» ұйымы Хан Кененің шаһит кеткен 200 сарбазының рухына арнап қойылған көне құлпытасты тапты.

 ХІХ ғасыр топографтарының картасына түскен Бозоқ қалашығына кешенді археологиялық зерттеулер жасалып, Астананың арғы негізінің ұшқыны шықты. Сөйтіп қазіргі бас қаламыз тарихи дәуірлерді лайықты жалғастырған алтын көпір, құтты мекенге айналды.

Әлемдегі кез келген тарихи шаһарлардың халқы мен қонағы аялдамай өтпейтін жерлері болады. Мұндай жерлер – әдетте ғибадатханалар, сәулет ескерткіштері және қорымдар.

Осы сұрақ тарихқа бейжай қарамайтын талай отандастарымызды толғандырушы еді. Толғана отырып, Есілдің бойына Елбасымыздың тапсырмасымен орнатылған Кенесары хан ескерткішінен рух, тарихи серпін алатынбыз. «Осының бәрі Тәуелсіздіктің арқасында! Бұл – Елбасымыздың сындарлы саясатының жемісі!» деп, тәубемізге келетінбіз.

Бір қызығы, осы өңірдің көнекөз қариялары «Кенесары сарбаздары көне қорымға жерленген» деген деректі жиі айтатын. Осы деректің шынайылығы таяуда нақты белгілі болды.

Мәтінде көп нүкте қойылған жерлердегі сөздер өшіп кеткен, сондықтан әзірше оқылмай тұр. Құлпытастың сол жақтағы тігінен жазылған жазуда «Иманқұл» деген сөз оқылады. Бұл ескерткішті орнатқан адамның аты немесе имани сөздің басы болуы мүмкін. Оң жақтағы тігінен жазылған жазу әзірше оқылмай тұр. Бірақ заманауи жазу тану технологияларын пайдаланып оқылмаған жазулардың біразын болашақта ажыратуға болады деп есептейміз.

Қалай дегенде, осы тарихи құлпытас орнатылған мерзімінің ерте-кеш екеніне қарамай (әлбетте, кейінірек орнатылған болуы мүмкін) Қазақстан және Астана тарихы үшін елеулі факт болып қалады.

Бір қуанарлық жайт, еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері аса көрнекті ханның тарихтағы орны айқындалып, жан-жақты зерттелініп келеді.

Индира Кауметова 

Сурет www.azh.kz сайтынан алынды

Барлық жаңалықтар